ФИЛАРМОНИЯЛЫҚТАР ТҮРКІСТАНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

0
178

Жуырда Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, А.Яссауидің 850 жылдығына арналған “Тәуелсіздік толғауы” атты концерт өтті. Қазақ өнерін асқақтатқан шараға филармонияның “Ақмешіт” фольклорлық ансамблі, ансамбль солисті Эльмира Қалқожаева, Сыр елі сахнасының мақтаны «Томирис» би ансамблі мен жыраулық өнердің бүгінгі ізбасарлары Руслан Ахметов, Марат Сүгірбай, Мұхамедәлі Бекпейісов және “Мәдениет қайраткері” төсбелгісінің иегері, әнші-термеші Үміт Медеуовалар қатысып, жергілікті халыққа рухани байлық сыйлады.
Филармония директорының орынбасары Азиза Іздіқұлова: «Сыр өңірі – Алаштың астанасы болса, Түркістан – рухани астанамыз екенін атап өтіп, киелі қос топырақтың өнер байланысы үзілмесін, теңдік тайқазанын мәңгілік деп көтерген, екінші рухани меккеміз, Қожа Ахмет бабамыздың мекені атанған жерде өнер көрсетіп отырғанымызға қуаныштымыз. Алдағы уақытта да шығармашылық байланысымыз үзілмесін, – деген тілегін жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь