І Республикалық «Ақ кербез» би фестивалі өтті

0
40

Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Халықаралық би күніне орай 20 сәуір күні сағат 10.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Сыр елінде алғаш рет І республикалық «Ақ кербез» би фестивалі ұйымдастырылды. Сонымен қатар фестиваль аясында Сыр елінде  би өнерінің  дамуына еселі еңбек етіп келе жатқан  балетмейстер, хореограф, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Г.Мырзабаеваның шығармашылығына арналған «Томирис» би ансамблінің концерті өтті. Фестивальге еліміздің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Қызылорда қаласының  би ансамбльдері қатысты. Атап айтқанда, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Аққу» би ансамблі, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының «Назерке» халықтық би ансамблі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қаракөз» би ансамблі, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттік хореографиялық «Томирис» биі ансамблі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Дидар» халықтық ән би ансамблі, Қызылорда қалалық мәдениет үйінің «Арайлы» би тобы, Қазанғап атындағы музыкалық колледждің «Сыр сұлуы» халықтық би ансамблі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Нұргүл» халықтық би ансамблі.

Би ұжымдары арасындағы  байланысты нығайту, би өнерін дамытуға зор үлестерін қосқан балетмейстерлер мен хореографтардың шығармашылығын насихаттауды мақсат еткен фестивальде би ұжымдары мен хореографтар  арнайы диплом мен мен облыстық филармония директоры М.Т.Бақытбекұлының «Алғыс хатымен» марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь