Қарты бар елдің қазынасы бар

0
219

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз аман болсын.

Бүгін қарттар үйінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай облыстық филармония өнер иелері «Қарты бар елдің қазынасы бар» атты қайырымдылық концерт берді.

Концертте «Томирис» би ансамблі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Р.Ысқақова, Г.Әлиханова, А.Шадаев, Б.Найманов, Ж.Жақсановтар өнер көрсетті.

Қызылорда облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы қарияларды мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.

Концерт соңында көрермендер өз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь