Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі құтты болсын.

0
543

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты
іс-шарада Қызылорда облыстық филармониясының өнер ұжымдары Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, камералық оркестрі және жеке орындаушылары «Құрмет» орденінің иегері Самал Байсейтова, Мақсат Мақұлбеков, Жалын Жүсіпов, жыршыларымыз Майра Сарсенбаева, Бисенбек Төлебай өнер көрсетті. Сондай-ақ «Томирис» би ансамблінің орындауындағы жаңа «Аманат» биінің тұсауы кесілді.
«Аманат» биі қазақ халқының бірлік үшін күресінің көрінісі. Үш жүзден құралған қазақ ұлтының ынтымақтастығының арқасында қол жеткізген тәуелсіздігі бабалардың асыл арманы, келер ұрпаққа аманаты екенін баяндайтын би қойылымын өнертану магистрі, Республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаты Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, жерлесіміз Шамшиев Алмат.
Алмат бауырымыз «Томирис» ансамблінің жетекшісі, балетмейстер, Гүлбану Мырзабаеваның төл шәкірті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь