Қиялымдағы қаһарман

0
93

1 маусым күні Қызылорда облыстық филармониясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы М.Алихановтың «Қиялымдағы қаһарман» атты жаңа қойылымының тұсауын кесті.

«Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы 2022 жыл – Балалар жылы аясында облысымыздағы 5-12 жас аралығындағы балаларға арнап ақпан айында «Менің қиялымдағы қаһарман» атты онлайн сурет байқауын ұйымдастырған болатын.

Онлайн байқаудың мақсаты – балаларды шығармашылық ізденіске баулу, қиялын шыңдау. Балалардың қиялындағы жаңа қаһармандарға жан бітіріп сахналау, жаңа ертегі кейіпкерлерін анықтау және насихаттау.

31 наурыз күні @kz_filarmoniya инстаграмм парақшасында жарияланған суреттерге көрермендер лүпіл басу арқылы дауыс беру 14 сәуір күні сағат 19.00-де аяқталып, жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен анықталды. Байқауға облыстық, қалалық мектептерден барлығы 20 бала қатысқан болатын.

Бүгінгі мереке қарсаңында байқауға қатысқан барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға директордың орынбасары Азиза Гажденбекқызы диплом мен алғыс хаттар және сыйлықтарды табыстап, мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ, жүлделі орын алған қатысушылардың салған кейіпкерлері «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясының жаңа қойылымының кейіпкерлері ретінде сахналанып, өздерінің салған суреттерін қойылымда көрген балалардың қуанышында шек болмады.

Байқау ережесіне сәйкес лүпіл саны арқылы анықталған жеңімпаздар Бас жүлде – Бауыржанұлы Заңғар, Шиелі ауданы, 3-сынып оқушысы; Кейіпкері – «Ұшқыш көліктер»; І орын – Жолдасбеков Айсұлтан, Шиелі ауданы, 3-сынып оқушысы; Кейіпкері – «Найзағай батыр»; ІІ орын – Болатов Абзал, Қазалы ауданы, 3 -сынып оқушысы; Кейіпкері – «Сезгіш»; ІІІ орын – Нұржанқызы Нұрперзент, Қазалы ауданы, 7 –сынып оқушысы; Кейіпкері – «Қаһарман қыз»; ІІІ орын – Нұрханова Алина, Қазалы ауданы, 4 –сынып оқушысы; Кейіпкері – «Сағат адам» марапатталды.

Балаларға сыйлықтар алуға демеушілік көмек көрсеткен «ТорғайПетролеум» АҚ-на үлкен ризашылық білдіріп, алғыс айтамыз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь