Көктем лебі

0
431

31 наурыз күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблінің «Көктем лебі» атты концерті өтті. Қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жүйелеп насихаттауда биіктен көрініп, музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі, оған қоса тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін дарытқан Ахмет Қуанұлы Жұбановтың шығармашылығын насихаттауға арналған концертте ансамбль концерттік бағдарламада А.Жұбановтың қазақ өнерінде алатын орны ерекше «Вальс», «Ария», «Көктем» сынды қобызға арналған камералық шығармаларын орындады. Сонымен қатар ансамбльдің сүйемелдеуімен М.Аманжолов Ә.Әбдінұровтың «Балауса» әнін, мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі орындаушы А.Ноғайбаева халық композиторы А.Майтабанқызының әні «Көк өзенді» нақышына келтіре орындап, көрерменнің ықыласына бөленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь