Қорқыт мұрасы – мәңгілік дастан

0
39

21 сәуір күні М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің «Қорқыт мұрасы-мәңгілік дастан» атты концерті өтті. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын және ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қорқыт мұраларын насихаттау мақсатында өткен концертте «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Ү.Медеуова және дәстүрлі орындаушылар М.Сүгірбай, Б.Төлеубаев өнер көрсетті. Бағдарламада қазақ композиторларының шығармалары, халық әндері, Қорқыт күйлері мен Сыр сүлейлерінің жыр-термелері орындалды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь