«Ұлтқа ұлағат – Жанқожа»

0
576

Қызылорда облыстық филармониясының ұжымы 18 сәуір – Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай жас ұрпақты тарихи  ескерткіштеріміз–мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру, сондай-ақ, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Жанқожа батыр ескерткіші маңында «Ұлтқа ұлағат- Жанқожа» атты шолу-концерт ұйымдастырды.

Шараға облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мекемесінің директоры Көзейбаев Сапар Әлиасқарұлы қатысып, жас ұрпақты тарихты танып, өткенді құрметтеуге шақырды.

 Шараның концерттік бағдарламасында облыстық филармонияның өнер иелері патриоттық тақырыптағы әндер мен арнау орындап, тарихи мұраларымызды насихаттауға үлестерін қосты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь