Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

0
331

Қызылорда облыстық филармониясы мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арнап 20 мамыр күні филармония залында камералық оркестрдің қатысуымен классикалық музыка кешін өткізді.

Сыр елінің ән шаңырағы Қызылорда облыстық филармониясының 50 жылдығы аясында облысаралық шығармашылықты дамыту және гастрольдік ынтымақтастық туралы Меморандуммен кеше ғана Ақтөбе облысында өнер көрсетіп келген оркестр қазақ және шетел композиторларының шығармаларын көрермендерге тарту етті.

Кеш барысында Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Рүстемов Руслан Рүстемұлы кәсіби мерекемен сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтап, төсбелгілер мен алғыс хаттар табыстады.

Атап айтқанда, Қызылорда облыстық филармониясының жыршысы, халықаралық байқаулардың лауреаты Марат Сүгірбай мен әнші Жалын Жүсіпов Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталса, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің әртісі Ділдабаев Сәбит пен «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясының әртісі Мұхамедхан Алихановқа алғыс хат табысталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь