Мемлекеттік рәміздерге – 30 жыл!

0
746

3 маусым күні  Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жыл толуына орай 55/47 әскери бөлімінің Отан қорғаушы азаматтарына арналған «Тұғырлы таңба –мәңгілік мұрат» атты мерекелік концерт өтті.

Концерттік бағдарламада «Томирис» би ансамблі, «Тұран» триосы, А.Ахметова, А.Шадаев, М.Аманжолов, Б.Молдабергеновтер рухты әндерін тарту етіп, Отан қорғаушы ер-азаматтарымыздың көңілдерін әнге бөлеп қайтты.

Ту, Елтаңба және Гимн. Дәл осы нышандар Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіз ел екенін дәлелдейді.

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш қадамы өзінің Туын, Елтаңбасы мен Гимнін иелік етуден басталады. 1991 жылы егемендігімізді жариялады. Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол бір тарихи кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарын әзірлеу жұмыстары қолға алынып, батыл қадамдар жасалды. 1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік нышандарын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Жоғарғы Кеңес Президиумының Қаулысы шықты.

Сондай-ақ, Елтаңба, Ту, Гимн жобаларына конкурс жарияланады. Оған көптеген шығармашылық өкілдері, талантты қыл қалам шеберлері, сазгерлер мен, ақындар қатысқан. Мысалы, Мемлекеттік Тудың конкурсына 600 адам қатысып, 1200 жоба ұсынылса, Мемлекеттік Елтаңба бойынша 245 жоба жасалған, ал Мемлекеттік Гимннің іріктеу конкурсына 750 жоба жіберілген.

Сонымен, 1992 жылы 4 маусымда маңызды оқиға болды: Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері қабылданды. Қазақстанның Мемлекеттік туы мен елтаңба құқығы Дүниежүзілік интеллектуалды қорғау ұйымына тіркелген.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленіп келеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь