Musical break

0
152

Сыр елі өнерінің шоқтығын биіктетіп жүрген Қызылорда облыстық филармониясының 50 жылдық мерейтойы қарсаңында 30 наурыз күні облыстық филармонияның концерт залында халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары фаготшы Марлен Баимбетов пен гобойшы, дирижёр Руслан Балмасовтың камералық оркестрмен біріккен «Musical break» атты концерті өтті.

Дирижері «Құрмет» орденінің иегері Кеулімжай Ботабаев, көркемдік жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Анар Жаңбырбаева.

Аталған концерт республика бойынша маманы табыла бермейтін фагот және гобой аспабына арналған шығармалар Сыр елінің концерттік шығармашылығының тарихында алғаш рет өткізіліп отыр.

Кеш қонақтары халықаралық конкурстардың жеңімпаздары Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті. Көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жанат Ерманов.

Концерттік бағдарламада шетелдік көрнекті композиторлардың үздік туындылары көрермен назарына ұсынылды.

Концерттің режиссері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Азиза Издикулова. Дыбыс режиссері Марлен Баимбетов

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь