ӨМІРДЕ ДЕ ӨНЕРДЕ ДЕ ЖҰПТАРЫ ЖАЗЫЛМАҒАН ЖАНДАР

0
739

Отбасы күніне орай Талсуат елді мекеніндегі мүгедектерді оңалту орталығында облыстық филармония әншілері «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Шыңберген Тілеулесов пен өмірдегі, өнердегі жұбы Гүлжан Нұржанованың «Тал бесіктен тербетілген текті өнер» атты отбасылық концерті болып өтті.

Сыр елі қазақ мәдениетінің босағасы бекіген өлке. Адамзат өмірінде мәңгі жасайтын байлықты – өнер деп білсек, сол өнерді ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру әрбір өнерпаздың парызы. Бүгінгі шығармашылық кеш соның айқын дәлелі болды. Өңіріміздің мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келе жатқан сахнаның саңлағы Шыңберген Тілеулесов 1977 жылы Мәдениет басқармасының жолдамасымен  Алматыдағы республикалық эстрада–цирк өнер студиясына түсіп, оны 1979 жылы Жүсіпбек Елебековтың сыныбы бойынша тәмәмдайды.  Осы жылы мәдениет министрлігінің жолдамасымен Қызылорда облыстық филармониясына әнші болып қызметке қабылданады. Туған топырақтың киелі сахнасында, Сыр елінің өнер айдынында жүргеніне міне, 35 жыл толып отыр. Ал, текті өнердің тал бесігін аналық ықыласымен тербетіп, әсем әнімен әлдилеген Күлжамал Нұржанова өнерінің қара шаңырағы Алматыдан оқу бітіріп, жолдамамен филармонияға әнші болып келеді. Өміршең өнердің  жолы бұл кісілерді сахнада таныстырады, табыстырады. Екеуі қатар жүріп, Қазақстанның барлық өңірінде және көршілес Өзбекстан, Қарақалпақстан, Тәжікстан Республикаларында гастрольдік сапарларда болып қазақ мәдениетін дәріптейді, ұлттық өнерін насихаттайды. Бүгінде кең диапазонды қоңыр үнмен көрерменнің көзайымына айналып отыр.

Тал бесіктен өнер көгін тұмарлап, шаңырақ шаттығын әнмен әрлеген, жан шәрбаты өнерге шөлдеген, тегінен талант теңдеген Тілеулесовтер отбасының концерттік кеші көрермен жүрегіне жол таба білді. Бүгінгі кеш иелері рухани қазынасын еселеуден еш жалыққан емес. Өнер жолындағы тәжірибесін өз шәкірттерімен бөлісіп, оларды сахнаға тәрбиелеп өнерге баулып келеді.

Дара бейнелі дарын иелері осы шығармашылық кеште халық әні «Көк өзен», «Бүлдірген», «Долана», «Дүние-ай», «Жақсы көру», «Ана-жүрек, қыз-қызғалдақ», Жаяу Мұсаның әні «Ақ Сисаны» өз ырғағына келтіріп, әуендетіп шырқады. Кештің соңын А.Қоразбаевтың «Аман болшы ағайын» әнімен аяқтады.Өнерде де, отбасында да жұптары жазылмай бірге жүрген өнерпаздарымыздың мерейі үстем, өнерлері өрлей берсін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь