ӨНЕРДІ ӨРЛЕТКЕН ФИЛАРМОНИЯ

0
500

25-27 ақпан  аралығында  Тереңөзек кентінде, С.Сейфуллин, Қалжан Ахун ауылдарында Г.Нұржанова бастаған филармония өнер иелерінің гастрольдік сапарда болды. Концерттің бағдарламасында Г.Нұржанова,  Б.Кәкім, А.Қуаныш, Н.Тілеулесова, Д.Алмасұлы «Томирис» би ансамблі және дәстүрлі орындаушылар Ж.Төлебай ән-шашуларын шашып, көрермен ықыласына бөленді. Және сол күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде  Камералық оркестрдің классикалық кеші болып өтті. Концертке  ҚР  еңбек  сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық  өнер  университетінің доценті Мақпал Бекмағанбетова  қатысты.  Сонымен  қатар  С.Байсейтова, С. Кермеш, С.Біржандар  концертте өнер көрсетті.

   26-27 ақпан күні Жаңақорған ауданында  «Іңкәрім -ай» атты филармония әртісі  Э.Қалқожаеваның  концерті болып өтті. Концерттің бағдарламасында  Э.Қалқожаева, Г.Бисекенова, О.Нұралиев, «Томирис» би ансамблі әдемі әндерімен көрермен көңілін бір серпілтіп қайтты. 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь