Отан-Ана

0
166
????????????????????????????????????

16 сәуір күні облыстық филармонияның концерт залында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы мен Қызылорда облыстық филармониясының екіжақты шығармашылықты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында жасасқан меморандумы негізінде және КСРО-ның халық әртісі, композитор Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына орай, ҚР Президентінің «Құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасының иегері, халықаралық байқаулардың жүлдегері қазақ камералық хорының «Отан – Ана» концерті өтті. Көркемдік жетекшісі және дирижері – Мербол Құспанов.

Хормейстерлері – Лейла Кущанова, Мәди Абишев.

Концерттік бағдарламада жеке дауыста ҚР Мәдениет саласының үздіктері Бақтыгүл Төлешева, Римма Дүйсенбаева, Шаригүл Өтегенова, Ақтөбе облысының өнер саласының үздігі Серік Жұбатқан, Гүлжан Жұбанышева, ұрмалы кахон аспабында Данияр Құлжанов өнер көрсетті.

Бағдарлама барысында халық әні «Самал тау», А.Жұбановтың «Қарлығаш», Ғ.Жұбанованың «Жеңеше», Б.Оралұлының «Толғау», орыс халық әні «Ах,Самара-городок», «Бриллиантовая рука» к/ф «Помоги мне» әні, түрік халық әні «Ayvanin irisine» т.б. қазақ, орыс және шетел композиторларының әндері орындалды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь