РУСЛАН БАЛМАСОВТЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

0
42

Үстіміздегі жылдың 23-25 сәуір аралығында Ақтау қаласындағы М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында дирижер Боздақ Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» III республикалық дирижерлар байқауы өтті.

Байқауға Қызылорда облыстық филармониясы атынан Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің әртісі, дирижер Руслан Балмасов қатысып жүлделі ІІІ орын алды.

Жастар жылы аясында өтіп жатқан шараның негізгі мақсаты Маңғыстаудан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер, домбырашы Боздақ Рзахановтың шығармашылығын кеңінен насихаттап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Дирижерлық өнер аясында жас дарынды таланттарды анықтап және олардың кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік жасау.

Байқауға Мемлекеттік академиялық филармониясындағы қазақ оркестрінің бас дирижері Айтқали Жайымов бастаған білікті мамандар Жалғасбек Бегендіков, Сәкен Әбдірахманов, Еркін Нұрымбетов және Рахат Мадреевтер қазылық етті. 

Аталған шараға Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 13 үміткер қатысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь