«Сағындырған әндер-ай» ретро-кеші

0
806

Ән де құдірет те, кие де, сезім де, тағдыр да бар. Әр кезеңде дүниеге келген сазды, назды, әуезді әндермен қазаққа ғажайып өнер сыйлаған сазгерлер өздері өмірден өтсе де әндерін ұмыт қалдырмай мәңгілік жадымызда сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жетті. 19 қазан күні филармония залында өткен «Сағындырған әндер-ай» атты ретро ән кеші осының дәлелі болды.

Кеште өткен жылдардың әндері «арқалықтың ақ таңы», «Нурикамал», «Тыңда», «Регтайм», «Еркем-ай», «Құстар әні», «Сағыныш сазы», «Кездер-ай», «Алматым алтын бесік», «Аңсағаным» әндері шырқалды.

Концертке жиналған өнерсүйер қауым, әсіресе аға буын естен кетпес ескі де есті әндерді қосыла айтып, би биледі. Ретро әндерден рухани сусындаған жұртшылық шараны ұйымдастырушылар мен өнерпаздарға алғыстарын айтты.

Жақсы әнге жаны құмар көрермен қауым, алыста қалған аяулы сәттер әлеміне сағына күткен әндер кешіне келіп, сол бір сұлу әндер тізбегін қалықтап, қайтқан құстар қанатының сусылындай сәулелі мұңға, сағынышты сазға, ерекше ықыласқа бөленді. Көрермендердің қатарында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов болды. Ретро кеште жас ақын, сазгер әрі әнші Әсел Төребаеваның жаңа әнінің тұсауы кесілді. Ол туындысын Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейлі меркесіне арнады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь