«Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі Көкше төрінде

0
273

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Қазақконцерт» ұйымының «Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы» ұйымдастыруымен 12-14 қазан күндері Көкшетау қаласында «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі өтуде.

         «Сәлем, Елорда!» фестивалі аясында облыстық, қалалық, өңірлік филармониялар мен концерттік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ хореография, кітапхана ісі, арт-менеджмент, ақпарат саласы мамандары үшін үш күндік мастер-класстар өткізіледі.

 «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі 14-қазан күні Ш.Құсайынов атындағы Қазақ драма театрының залында «Сала серпілісі – біздің бірлігімізде!» тақырыбындағы консультативтік кездесуіне ұласып, «Көкшетау» мәдениет сарайында өтетін гала-концертпен қорытындыланады.

Өнер шеруіне Қызылорда облыстық филармониясының директоры Талғат Бақытбекұлы, директордың орынбасары Азиза Гажденбекқызы, хореография бағыты бойынша шеберлік сағаттарына «Томирис» би ансамблінің бас балетмейстері Гүлбану Мурзабаева және биші Абай Маханбетжанов, «Арт-менеджмент» бағыты бойынша бөлім меңгеруші Жазира Кенжеғараева мен бейнеоператор Какимов Темірбек, сондай-ақ, өңірлік үздік орындаушылардың концертіне жырау Шолпан Бимбетова, әнші Аманжолов Мағжан  қатысуда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь