Шабыт

0
175

27 сәуір күні Қызылорда облыстық филармониясының концерт залында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің әртістері, домбырашы Алмаз Альжанов пен прима қобызшы Алтынай Берденованың «Шабыт» атты алғашқы шығармашылық кеші өтті.

Альжанов Алмаз Садықұлы 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2003-2007 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында домбыра мамандығы бойынша білім алған. 2007-2009 жылдары Қызылорда облыстық филармониясы жанынан құрылған Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінде, 2009 жылдан бастап «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің әртісі болып қызмет атқарып келеді.

​Берденова Алтынай Күмісбекқызы 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2005-2009 жылдары Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде, 2009-2012 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Музыкалық білім» бакалавры мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясының «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінде жұмыс жасап келеді.

Республикалық байқаулардың лауреаттары Алмаз Альжанов пен Алтынай Берденова жеке шығармашылықтарымен Өзбекстан, Татарстан, Түркия елдерінде және 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесінде өнер көрсетті.

​Кеш барысында ұлттық өнерімізді өрістетіп жүрген Алмаз Альжановтың шәкірттері Ерқанат Алпысбай, Нұрдаулет Сүлеймен, Аят Ануарбековтер және кеш қонақтары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің домбырашысы Сатбай Қадыршат және «МузАРТ» тобының гитарисі Акбар Қиарыстан, сонымен қатар, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі және «Томирис» би ансамблі ат салысып өнер көрсетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь