«Киіктің лағы – Таңшолпан» қойылымының премьерасы өтті

0
163

6 сәуір күні Сыр елінің ән шаңырағы – Қызылорда облыстық филармониясының 50 жылдығы және балалар жылы аясында «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы Н.Бегімбеттің «Киіктің лағы – Таңшолпан» атты қойылымының премьерасын кішкентай көрермендер назарына ұсынды.

Қойылымдағы басты кейіпкерлер ағалы-інілі Бұрқан мен Шоқан. Бұрқан – бұзық, айналасына зиянын тигізіп, бүлдіреді де жүреді. Ал, Шоқан – өте мейірімді, қоршаған орта мен айналасындағыларға тек жақсылық жасап жүретін екі бауырдың басынан кешкен оқиғасы баяндалады.

Қойылым балаларды қоршаған ортамен таныстырып, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.

Режиссёрі: театр-студиясының әртісі Марал Уразалиева

Суретшісі: Қайырбек Өмірбеков

Музыкамен көркемдеген: Бақытжан Найманов

Көркемдік жетекшісі: «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Құрманбек Боранбаев

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь