Сыр бұлбұлы

0
457

3 наурыз күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің, «Шапағат» медалінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Ақдаулетова  Қаракөз Ақжігітқызының 65 жылдығына арналған «Сыр бұлбұлы» атты еске алуға кеші өтті.

Кешке Қаракөз Ақдаулетованың достары, замандастары, облысымыздағы және Астана, Алматы қалаларынан келген шәкірттері қатысты. Концерттік бағдарламада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері А.Жылтыркөзов, Б.Жанұзақ, «Құрмет» орденінің иегері С.Байсейтова, халықаралық конкурстардың лауреаттары Т.Рахметов, М.Мақұлбеков, С.Тасбергенова, А.Табынбаев, М.Аманжолов, Г.Нағашыбайлар және облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы жанындағы Қаракөз Ақдаулетова атындағы балалар шығармашылығы студиясының тәрбиеленушілері бұлбұл бейне-арда ұстаз Қаракөз Ақжігітқызының репертуарындағы әндерімен шәкірттерінің бойына сіңірген шалқар шығармаларын шырқады. Бағдарлама соңында Лэд экран арқылы Қ.Ақдаулетованың орындауындағы «Бұлбұл» әнінің бірінші куплеті мен қайырмасы беріліп, әннің жалғасын оркестрдің сүйемелдеуінде сопранолар жалғастырып, кешті қорытындылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь