Сыр елі өнер ордасының арайлы Ақтөбеге тартуы

0
172

Сыр елінің ән шаңырағы Қызылорда облыстық филармониясының 50 жылдығы аясында және облысаралық шығармашылықты нығайту және гастрольдік ынтымақтастық туралы Меморандум негізінде 2022 жылдың 17 мамыр күні Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Өнер орталығы» концерт залында филармонияның камералық оркестрі ұжымы ақтөбелік көрермендерге арнап 17 мамыр күні классикалық кеш өткізді.

Кештің шымылдығы Кеңес Дүйсекеевтің үздік шығармаларының бірі «Жайлау кеші» туындысымен ашылды. Содан соң «Айттым сәлем, Қаламқас», «Эсколасо», Екі скрипкаға арналған концерт, «Щелкунчик» балетінен сюита сынды т.б. қазақ және әлемдік классикалық музыкалары орындалды. Оркестрге «Құрмет» орденінің иегері Кеулімжай Ботабаев дирижерлік етті.

Кеште оркестрдің сүйемелдеуімен халықаралық конкурстардың лауреаттары Сымбат Тасбергенова, Айдос Иманжаппаров, Ақылбек Табынбаев және фаготшы Марлен Баймбетовтер отандық және әлем классиктерінің туындыларын шебер орындап, тыңдармандарға ұмытылмас әсер сыйлады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь