«Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі мен камералық оркестрдің маусымдық ашылу концерті өтті

0
198

1 қазан – Дүниежүзілік музыка күні. Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажап дүние. Музыкада адамның асқақ ойлары мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан зор. Сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.

Осыған орай, бүгін облыстық филармонияның концерт залында «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі мен камералық оркестрдің маусымдық ашылу концерті өтті.

Концертте оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ және шет ел композиторларының шығармалары орындалып, «Құрмет» орденінің иегері Кеулімжай Ботабаев дирижерлік етті.

Оркестр солисттері «Құрмет» орденінің иегері Самал Байсейтова, Мақсат Мақұлбеков, Сымбат Тасбергенова, Жалын Жүсіпов, Ақылбек Табынбаев, Арайлым Махамбетжанова, Айгерім Ахметовалар өнер көрсетіп көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь