«Сыр сазы» атты Үміт Медеуованың сұхбат-концерті өтті

0
238

Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Сыр сахнасында 40 жылға жуық уақыт еңбек етіп, өнерін әнмен көркем еткен дәстүрлі әндердің шебер орындаушысы бірде назды, бірде рухты, бірде ұяң ырғақты әндерімен тыңдарманының таңдайын қақтырған сырлы әнші Үміт Медеуованың   «Сыр сазы» атты сұхбат-концерті ұйымдастырылып, сұхбат барысында Үміт Еменқызы  шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті.

Дәстүрлі әншілік пен эстраданы қатар алып, көрерменнің жүрегіне жеткізіп жүрген Ү.Медеуова облыстық филармонияда 1998 жылдан бастап қызмет атқарып, үздіксіз шығармашылық ізденісінің арқасында өз тыңдарманын тауып, оң бағасын алып жүрген талант иесі.

Қазақ өнерін қалықтатқан ән кешінде репертуарлық қоржынындағы көрермен ықыласына бөленген таңдаулы әндері орындалды. Сондай ақ, концертте «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен «Томирис» би ансамбліде өнер көрсетті.

Аталған концерт 28 тамыз күні Youtube желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналынан, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Қызылорда облыстық филармониясының Facebook парақшаларында жарияланып,  әсем әннің ырғағына тербеліп, ән әлеміне саяхат жасаған көрермендердің алғысына бөленді. 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь