СЫРДЫҢ СҰЛУ САМАЛЫ

0
671

Жуырда саф өнердің қара шаңырағы атанған Қызылорда облыстық филармониясының Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Самал Байсейітованың алғашқы шығармашылық кеші болып өтті.

Өнер кешіне облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова қа­тысты. Самал ұстаздық жолда жүрсе де, өнер жолын қатар алып жүрген жандардың бірі. Бүгінде тума талантымен, өнерімен тыңдарманын мойындатып та үлгерген. Кеште әншінің ұстазы – КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова талантты шәкіртіне ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, кеш қонақтары – әншілер Фархат Кубиев пен Қуаныш Құт­тымұратов және Самал Байсейітованың шәкірттері, Тұр­мағамбет атындағы ха­лық аспаптар оркестрі мен Қазанғап атындағы музыкалық колледждің хоры өнер көрсетті. Оркестрді Мемлекеттік ака­демиялық симфониялық ор­кес­трі­нің және Н.Тілендиев атын­дағы Академиялық фоль­клорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Мүсілім Әмзе басқарды.

Кешке келген көрерменнің қарасы көп, театр лық толы болды. Ал бекзат өнердің кәсіби, талғампаз әншісі классикалық және дәстүрлі әндерді нақы­шына келтіре шырқап, көп­шіліктің қошеметіне бөленді.

Сыр елінің көз қуанышына айналған Сырдың Самалының еселі еңбегі мақтауға тұрарлықтай. Оның шәкірттері бүгінде биік белестерді ба­ғындырып, халықаралық бай­қауларда топ жарып жүр. Мұны ұстаздың төккен терінің ақталғаны деуге болады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь