“ТОМИРИС” БИ АНСАМБЛІНІҢ МЕРЕКЕГЕ ТАРТУЫ

0
864

Облыстық филармонияның концерт залында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай “Томирис” би ансамблінің мерекелік концерті өтті.
Би өнерін дәріптеп, ансамбльдің шығармашылығын өнер сүйер қауымға кеңінен насихаттау мақсатында өткен концертте “Хаман толғауы”, “Табиғат сыры” секілді қазақ билері орындалып, А.Жұбановтың “Абай” операсынан “Қарлығаш” биі көрерменге жол тартты. Сонымен қатар, Н.Тілеулесованың орындауындағы “Керім айдай” халық әні, Д.Есентеміровтың “Ажарым-ай” әндері тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Мерекелік шара соңында қатысушы қонақтар сұлулық пен қозғалысты, еркелік пен әсемдікті тілдестірген кеш сыйлаған «Томирис» би ансамблінің бас балетмейстері әрі жетекшісі Гүлбану Мырзабаеваға алғыс білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь