Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Аманат» атты маусымдық ашылу концерті өтті

0
32

Қызылорда облыстық филармониясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 24 қыркүйек күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің «Аманат» атты маусымдық ашылу концертін ұсынды.

Ел тәуелсіздігіне арналған концерт ІІ бөлімде ұсынылды. І бөлімде оркестр шетелдік классиктердің үздік шығармаларын орындаса, ІІ бөлімде қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндері мен кең ауқымды төкпе, сырлы да өрнекті шертпе күйлерді  орындады.

Концерттік бағдарламада республикалық дирижерлар байқауының лауреаты Р.Балмасовтың дирижерлауымен, оркестрдің сүйемелдеуімен филармония солисттері М.Мақұлбеков, Ж.Жүсіпов, А.Шадаев, А.Табынбаев, Г.Бисекенова және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері А.Ноғайбаева өнер көрсетіп, әртістердің шабытына қошемет қосып, өнеріне өзінің ықыласын білдіруге асыққан көрерменнің қошеметіне бөленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь