Түркістанда өткен «Түркістан дауысы» эстрадалық ән байқауында әріптесіміз топ жарды

0
332

Үстіміздегі жылдың 11-12 қараша күндері Түркістан қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен республикалық «Түркістан дауысы» эстрадалық ән байқауында филармония әртісі Сарыбаев Қайрат өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орын иеленді.

Байқауға композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Төлеген Мұхамеджанов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық ән байқауларының жүлдегері Маржан Арапбаева, «Мәдениет саласының үздігі», композитор, продюсер Қайрат Баекенов, композитор, ән өңдеуші Хамит Шанғалиев, халықаралық «Славян базары» фестивалінің гран-при иегері, әнші Рухия Байдукенова, эстрада жұлдыздары Айдар Тұрғанбек пен Жанар Дұғалова қазылық жасады. Сонымен бірге әлемге әйгілі опера әншісі Нұржамал Үсенбаева қонақ ретінде қатысып, жас әншілерге қолдау көрсетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь