ЖОЛДАУҒА ӨНЕР ИЕЛЕРІ ДЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

0
616

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдау жарияланғаннан кейін еліміздің түкпір–түкпірінде Жолдауды қолдауға арналған шаралар қызу басталып кеткені белгілі. Дәстүрлі Жолдауды қолдауға Сыр елінің өнер иелері де өз үлестерін қосуда. Осы бағытта филармония «Нұрлы жол – мәңгілік мәртебесі» атты тақырыбында С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде концерттік бағдарлама өткізді.

Ел еңсесін көтеруге арналған концерт «Томирис» би ансамблінің «Тойбастар» биімен басталды.

– «Нұрлы жол» – елді бірлікке, татулыққа үндейтін Жолдау. Басты құжатта Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата заңымыздың 20 жылдығы және Жеңістің 70 жылдығын атап өту жайында айтылды. Біз осы мерекелерді ұлықтау арқылы жастардың патриоттық сезімге, елді, жерді сүюге үйретуіміз қажет. Сонда ғана ел ертеңі жарқын болады, – дейді концертті ұйымдастырушы өнер ұжымы.

Сонымен қатар, мерекелік шара барысында халықты патриоттық сезімге баулитын әуезді әндер шырқалып, сыр сүлейлерінің ізбасарлары жырдан шашу шашты. Мәселен, ҚР Еңбек сіңірген әртісі К.Қалымбетова «Сыр елім», ҚР Мәдениет қайраткері Ү.Медеуова «Ата дәстүр» әндерін орындаса, «Томирис» би ансамблі ырғалып би биледі. Ән мен биге өрілген концерттік бағдарлама көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь