«Жылы жүздесу» Бенефис» жаңа жобасы ұйымдастырылды

0
33

Қызылорда облыстық филармониясы алғаш рет «Жылы жүздесу» Бенефис» жаңа жобасын ұйымдастырып, аталған жоба аясында 8 қазан күні облыстық филармонияның концерт залында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері ақын, әнші, композитор Индира Елубаеваның «Сен үшін жүрек» атты концертін өткізді.

Концерттің шымылдығы Индира Шәкіманқызының орындауындағы А.Рамазанның сөзіне жазылған Д.Шораевтың «Сен үшін жүрек» атты туындысымен ашылып, К.Түрікпеннің сөзіне жазылған «Домбыра болып сөйледім», Ж.Оразғұловтың сөзіне жазылған «Жібегім», Т.Қабылшаның сөзіне жазылған «Ана», «Беу, өмір», «Құшағымда гүлдер», А.Тұрсынбаеваның «Үнсіздік», Ә.Рахымбекұлының сөзіне жазылған «Жүрегімде жүрсің сен», Н.Бердіқожаның сөзіне жазылған «Мүмкін емес»,, «Күтемін сені», М.Дауылбайдың «Бақытты болу жәй ғана» сынды сазды әндерін Индираның өнердегі әріптестері, филармония әншілері «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Үміт Медеуова, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісісінің иегері Ақмарал Ноғайбаева Гүлфира Алиханова, Гүлхан Сіргебаева, Гаухар Бисекенова, «Тұран» триосы, Ринат Үсенов, Бекзат Молдабергенов, Олжас Нұралиев, Айдос Шадаев, Ақылбек Табынбаев, Арайлым Маханбетжановалар орындады. Сондай-ақ, әдемі кештің қонағы, ерекше дауыс иесі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Хадиша Сейітова да өнер көрсетті.

Ән кешіне Индира Елубаевамен тығыз шығармашылықта жұмыс жасап келе жатқан Сыр елінің белді ақындары: Серік Ыдырысов, Толқын Қабылша, Мақсат Дауылбай сынды Сыр елінің белді ақындары қатысып, әдемі әңгіме өрбіп, сыр–сұхбат барысында Индираның шығармашылығына деген өз көзқарастарын білдірді.

Әнші-композитор, ақын Елубаева Индира Шәкіманқызы 1977 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, қазіргі Мырзабай ахун ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка факультетін үздік бітірген. 2004 жылдан бері Қызылорда облыстық филармониясының әншісі.

Индираның өнердегі ерекше қыры ән айтуымен қатар оның ән мен өлең жазып сазгерлік пен ақындық қасиетінің болуында. Оның әндерін және әнге жазған мәтіндерін қазақ эстрадасының көптеген жұлдыздары орындайды. 100 ден аса әндері қазақтың талғампаз тыңдармандарының жүрегінен орын алуда. Атап айтсақ, марқұм әнші Н.Аймұратовтың орындауындағы қазіргі таңдағы елдің сүйікті тобы «Музарт» тобының орындауындағы «Мүмкін емес» әні, Қазақстанның халық әртісі М.Жүнісованың орындауындағы «Өмір неткен тамаша», «Сенемін Алла барына», «Биле,биле», «Үмітті үзбе», «Барыңды бағала», «Туған күн» әндерінің және А.Керімбекованың орындауындағы «Жеңемін», «Сүйемін құлай», «Кешігіп неге жолықтың», «Достар-ай» секілді бірнеше әндердің, С.Майғазиевтің орындауындағы «Қазақтың қыздары», «Тек сені қалаймын» әндерінің, Еркін Нұржановтың орындауындағы «Сені сүйді жүрегім» және «Сағыныш» әндерінің, Қ.Нұртастың орындауындағы «Жолықпадың ертерек», М.Сәдуақасованың орындауындағы «Үнсіздік», «Сәуле ғұмыр» әндерінің, Ғ.Жанайдың орындауындағы «Күрсінбе», А.Кішкенбаевтың орындауындағы «Шаттанайық, достарым», «Іздеймін сені» әндерінің, Қ.Рахымның орындауындағы «Мүмкін бе» әнінің, Д.Маханбаеваның орындауындағы «Қызға тілек» әнінің, Қарақат пен Қыдырәлінің орындауындағы «Ханзаданың ақ құсы», «Күнім» әндерінің, Б. Тайлақбаевтың орындауындағы «Асыл жарым», «Бала күндер-ай» әндерінің, Қ.Бекіштің орындауындағы «Көңіл сыры», «Ұмытам қалай» әндерінің, А.Жорабаеваның орындауындағы «Дұға тілек» әнінің, А.Иманбаеваның орындауындағы «Арман», «Бал шақтар» әндерінің, Шакизаданың орындауындағы «Кәусарым», «Жүректегі көктемім», «Ханзада» әндерінің, Д.Кентайдың орындауындағы «Сезім тартысы» әндерінің және тағы басқа әншілердің орындауындағы көптеген әндердің сонымен қатар өз орындауындағы «Туған жер», «Жүрегімдесің», «Өмір-уақыт» секілді көптеген әндердің авторы, шығармашылық дарын иесі, өнерлі тұлға.

Жоба авторы және режиссёрі “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері Азиза Издикулова. Алдағы уақытта осы жоба аясында облыстық филармония әртістерімен жүздесетін боласыздар.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь