Жапбарбердиев Амандық Нұрмаханұлы

1991 жылы 13 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кентінде дүниеге келген. Жақсықылыш кентіндегі №19 Орта мектебінің түлегі. Отбасылы.Үш қыздың әкесі!          

2013 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, Филология факультетін бітірген.         

2013 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекет- тік университетінің «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығына оқуға түсіп,

2017 жылы оқуды тәмамдайды. Ұстаздары – Айбек Тәңірбергенов және Руслан Ахметов. Қазіргі таңда Қызылорда облыстық филармония Концерт жүргізушісі қызметін атқарып келеді.

2013 жылы Ақтөбе қаласында өткен, сазгер, күйші Ақан Сері Қорамсаұлының туғанына 170 жыл толуына орай «Халқымның сал-серілік салтыменен» атты дәстүрлі ән орындаушылар байқауында ІІІ орын дипломанты;   

2015 жылы Қызылорда қаласында өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығында «Жеңіс жырын жырлаймыз» атты концерт жүргізушілерінің облыстық конкурсында үздік ІІ дәрежелі дипломанты.        

2016 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Майданнан хат» атты облыстық жыршы-термешілер байқауының дипломанты.        

2016 жылы Ақын Мансұр Бекежановтың 140 жылдығына арналған «Жүректегі жауһарлар» атты облыстық жас ақындар мүшайрасында ІІІ орын.        

Бүкіләлемдік Философия күніне арналған «Қорқыт: Мәңгілік өмір» тақырыбындағы философиялық эсселер байқауының жүлдегері.        

2019 жылы 18 мамыр –Халықаралық музейлер күні аясында ұйымдастырылған «Музей түні-2019» акциясына белсене қатысқаны үшін Алматы қаласы музейлер бірлестігі директорының Алғыс хатымен;        

2021 жылы Қазақстан Республика Парламентінің  Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытқаны, «Нұр Отан» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен;        

2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына  орай Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының Алғыс хатымен;        

2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің  30 жылдығына арналған «Аралдың жыр жампоздары мен жауһарлары» атты жыр кешіне қатысып, мақпал қалам, сұлу саз арқылы ұлттық өнерді ұлықтап, ұрпақ жалғастығын көрсеткені үшін  Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының Алғыс хатымен;        

2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына  орай би, шешен Б.Есенәлінің /Бала би/ 210 жылдығына арналған «Сөз зергері-Бала би» атты облыстық жыршы – термешілер фестиваліне белсене қатысқаны үшін Шиелі ауданы әкімінің алғыс хатымен;        

2023 жылы Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің жоғары деңгейде өтуіне, ұлттық өнердің дамуына қосқан үлесі үшін Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.