Төлеубай Бисенбек Қуанышбайұлы
1985 жылы 3 қазанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, қазіргі Бұхарбай батыр ауылында дүниеге келген.
1991-2001 жылдары №33 орта мектебінің 9-шы сыныбынан кейін 2001-2005 жылдары Қазанғап атындағы Қызылорда музыка колледжінде Е.Мұстафаевтың сыныбын домбыра мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2005-2006 жылы Алматы қаласы М.Әуеов ауданында №119 орта мектепте музыка пәні бойынша ұстаздық етті.
2007-2011 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында, филология ғылымдарының кондидаты Ұлжан Байбосынованың класынан дәріс алып шықты.
2010 жылы Медеу ауданындағы «Көкіл» мектеп-колледжінде өз мамандығы бойынша қызмет жасады.
2011 жылы Біріккен Араб әмірлігінде, 2012 жылы Тәжікстанның Душанбе қаласында,
2013 жылы Түркияның Стамбул қаласында, 2016 жылы Мәскеу қаласында өнер көрсетті.
2015 жылдың 28 тамыз айынан бастап филармонияда әнші, жыршы болып қызмет жасайды.
2018 жылы Тұрымбет Салқынбайұлының 150 жылдығына арналған «Талайды таңырқатқан жырау едім...» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауында І орын иеленді.
2019 жылы Жамбыл облысында өткен халық ақыны К.Әзірбаев атындағы «ШЫРҚА, ДАУСЫМ!» атты республикалық әншілер конкурсынан және Атырау қаласында өткен «Əн-дария» атты республикалық дəстүрлі орындаушылардың байқауында ІІ орынды иеленді.
2022 жылы «Бір шығайын құмардан» атты жеке концертін берді.
Жыр қорында Сыр сүлейлерінің терме-толғаулары, ақын Р.Батырбаевтың «Бұхарбай батыр» дастаны, жырау С.Қожағұлұлының «Жанқожа батыр дастаны», Балқы Базар жыраудың «Әмина қыз» дастаны бар. Сонымен қатар Арқа әншілік мектеп өкілдерінің композиторлары Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұсаның, Шашубай, Нартайдың әндерімен қатар, Құрманғазы, Дина, Абыл, Қазанғап, Сүгір, Мырза, Әлшекейдің күйлері бар.