Классикалық музыка жауһары

0
60

10 ақпан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  облыстық филармония камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі, скрипкашы, ұстаз Анар Жаңбырбаеваның «Классикалық музыка жауһары» атты концерті өткізілді.

Концертте камералық оркестрдің құрамын күшейту мақсатында Шымкент қалалық опера және балет театрыныңсимфониялық оркестр әртістері арнайы шақыртылып, өнер көрсетті.

Бағдарламада әлем композиторлары  В.А.Моцарт,  П.Чайковский, Л.В.Бетховеннің  шығармалары орындалды. Сондай-ақ, бағдарламада Анар Асанқызының шәкірттерінен құралған скрипкашы балалар ансамблі мен оркестр солисі А.Иманжаппаров жоғары деңгейде өнер көрсетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь