Скрипкашы Жамила Қадірдің концерті өтті

0
260

Қызылорда облыстық филармониясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 жылдыққа 30 іс-шара: Тәуелсіздікке тарту» айдары бойынша 2021 жыл басынан бері бірнеше концерттер ұйымдастыруда.

Осыған орай, 13 маусым күні филармония залында камералық оркестрдің әртісі, республикалық байқаулардың лауреаты, скрипкашы Жамила Қадірдің концерті болып өтті.

Оркестр дирижері «Құрмет» орденінің иегері К.Ботабаев.

Көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері А.Жаңбырбаева.

Жамила Жаңабекқызы 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген.

2003 жылы – Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің түлегі.

2004 – 2007 жж . «Қазақстан Камератасы» ансамблінің әртісі.

2007 жылы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.

2007–2018 жж. М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының камералық және симфонилық оркестрінің әртісі қызметін атқарған.

2018 жылы Қызылорда облыстық филармониясының арнайы шақыртуымен камералық оркестр әртісі қызметін атқаруда.

Қызмет жасаған жылдары Италия, Англия, Германия, Македония, Босня-Герцоговина мемлекеттерінде қазақ елінің классикалық өнерін насихаттап өнер көрсетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь