СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫ – ӨЗБЕКСТАНДА

0
163

Жуырда Өзбекстан Республикасында қазақтың үш биінің бірі, орақ тілді, от ауызды шешен Әйтеке бидің 370 жылдығы тойланып өтті. Өзінің тапқырлығы, көрегендігімен халықты бірлікке үндеп, ынтымақта жарастырып, елдің тыныштығын сақтау жолында әділ билік еткен би атаға арналған мереке ауқымды түрде аталды. Айтулы шарада Сыр өңірінің өнерпаздары, оның ішінде облыстық филормонияның бас директоры Т.Мақашов бастаған ұжым, Тұрмағанбет халық аспаптар оркестрі, «Жанкент» дуэті және дәстүрлі орындаушылар «Сыр – Алаштың анасы» атты концерт өткізді. Мерекеде Сыр елінің жылы лебізі мен сәлемін жеткізе барған өнерпаздар Өзбекстандағы қандастарымызға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Дәстүрлі ән мен күйді нақышына келтіріп орындаған өнер ұжымы шараға жиылған барша жұрттың делебесін қоздырып, өзбек ағайындардың аспанын әсем жырмен тербетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь