Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

0
98

Жаңа жыл — жүріп өткен жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке.
Айтулы мереке қарсаңында Қызылорда облыстық филармониясының директоры Мақашов Талғат Бақытбекұлы өнер ұжымын құттықтап, бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Боранбаев Құрманбек Өтегенұлы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі.

Нұрмаханов Сұлтанбек Науанұлы – «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчествалық бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалі.
Әбсадықов Әлімжан Нағызханұлы- облыстың «Құрмет грамотасы».
Кенжеғараева Жазира Мырзағалиқызы- «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар халыққа рухани-мәдени қызмет көрсету жолында ұлттық өнерімізді асқақтатып, байыта түсуге атсалысқан бірқатар қызметкерлерді филармония директорының Алғысымен марапаттады.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақыт, құт-береке тілейміз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь