Индира Елубаева

0
1172

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мырзабай Ахун ауылында 1977 жылы дүниеге келген. 1984-1994 жылдары №122 орта мектепте білім алған.

1994-1998 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка факультетінде оқиды.

1999-2003 жылдар аралығында Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінде әдіскер болып жұмыс жасады. Осы жерде жұмыс жасай жүріп көптеген қалалық, облыстық мәдени іс-шараларда өз өнерін жан-жақты көрсете білді.  Ол ән айтумен қатар шығармашылық бағытта жұмыс жасап сазгерлердің әндеріне сөз жазу, сценарийлік бағытта жұмыстар жасауды да меңгере білді. Бойындағы шығармашылық қасиетінің жетістігі ретінде 2002 жылы облыстық «Табиғат әуендері» фестивалінде ІІ орын иегері атанды.

2005 жылы Қызылорда қаласының астана болғанына 80 жыл толуына орай өткізілген облыстық «Алғашқы астана» атты әншілер байқауының дипломанты, 2006 жылы өткен аймақтық Кеңес Дүйсекеев атындағы әншілер байқауының дипломанты.

2004 жылдың қаңтар айынан бастап филармонияда әртіс қызметін атқарады. Репертуарында халық әндері мен қазақ композиторларының ретро әндері, жергілікті сазгерлердің және өзінің авторлық әндері бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь