ӘДІЛХАН ҚУАҢБАЕВ

0
745

Қуаңбаев Әділхан Бөрібайұлы 1981 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебіне қабылданып, 1999 жылы бітірген. Тұрмағанбет ауылында жүз шайырдың бірі Тұңғышбаев Жаппар жыраудан жыр-терме үйреніп, тәлім алды. Ауыл, аудан, облыс сахналарында жас жыршы ретінде өнер көрсетті. Республикалық айтыстарда да бағын сынады.

2000-2002 жылдары Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінде «Кеден ісі» бойынша білім алады.

 Өнер жолына келуіне бірден-бір себепкер болған жүз шайырдың бірі, әкесі Бөрібай еді. Баласына бағыт-бағдар беріп, шайырлардың жыр-термелерін жастайынан жаттатып, шыңдады. Қызылорда облыстық филорманиясында жұмыс жасай жүріп, 2014-2018 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі жыр» мамандығы бойынша белгілі жырау Руслан Ахметовтен дәріс алады. Сыр бойындағы Жиенбай жырау мектебінің өкілі. Қармақшы ауданында өткен Базар Оңдасынұлының 175 жылдығына арналған «Жамиғы қазақ бір туған» атты облыстық жыраулар байқауында Бас жүлде, Орал қаласындағы Марабай Құлжабайұлы атындағы «Жыр дүлдүлі-Марабай» атты жыршылар байқауында І орын. Қыркүйек айында Ақтөбе облысында «Рухани жаңғыру» аясында Көкжар жәрмеңкесінің 150 жыл және Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған «Жан серігім – домбыра» атты аймақтық дәстүрлі әнші-жыршылар байқауында ІІ орын иеленді. 28 қазан күні Текей Қарпықұлының 350 жылдығына орай өткен республикалық жыраулар сайысының бас жүлде иегері.

Көптеген республикалық байқаулардың лауреаты. Халықаралық дәстүрлі жыр фестивальдерінде өнер көрсетті. Қазіргі таңда Қызылорда облыстық филармониясында дәстүрлі жеке орындаушы болып жұмыс жасайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь