Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

0
145

Қадірлі сырбойылық жерлестер!

Астана қаласының 25 жылдығына орай 8-9 желтоқсан күндері Қорқыт қобызының сарынымен, Қазанғап домбырасының қарымымен, жампоз жырдың жалынымен Алашқа ана болған Сыр елінің Астана қаласында Өнер күндері өтеді.

Бағдарлама аясында Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры 8 желтоқсан күні сағат 19.00-де Жастар театрында Ш.Айтматовтың «Жәмилә», 9 желтоқсан күні сағат 16.00-де Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектакльдерін сахналайды.

9 желтоқсан күні сағат 16.30-да Бейбітшілік және келісім сарайында «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің бесігі» көрмесін ұсынады. Көрмеде бірінші рет «Шірік-Рабат сақ жауынгері» мен «Сығанақ ханшайымының» реконструкциялары көрермен көзайымы болады.

Қызылорда облысының Өнер күндері сағат 17.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Сыр елі өнер жұлдыздарының Гала концертімен түйінделеді.

Сыр жұртшылығының сағынышқа толы сәлемі – Өнер керуені шараларынан кеш қалмаңыздар!

Келіңіздер, көріңіздер!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь