Бисекенова Гаухар Шапайқызы

2014 жылы Москва қаласының Останкино телеорталығында өткен «Золотой голос» ІІІ Халықаралық фестиваль-конкурсының І дәрежелі лауреаты атанды.

 Сондай-ақ, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыуымен өткен «Анаға қарап қыз өсер…» байқауына қатысып, қызы Айша екеуі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2014 жылы Маңғыстау облысының 40 жылдығы, Жаңаөзен қаласының 45 жылдығы мерейтойлары аясында

өткен «Атамекен» І  республикалық патриоттық әндер байқауының ІІ дәрежелі дипломына ие болды.

2018 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталды.

2023 жылы Қазақстан салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының Құрмет Грамотасымен марапатталды.