Бисекенова Гаухар Шапайқызы

1984 жылы 29 қыркүйегінде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенті атанып, 2002 жылы колледжді бітірген.

2002-2010 жылдары Қорқыт ата атындағы университетіне түсіп, «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесімен аяқтайды. 

2012-2013 жылдар аралығында «Қалалық мәдениет және тілдер дамыту» бөлімінде, «Мереке» вокалды инструменталдық ансамблінде әнші болып жұмыс атқарған. 

2014 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясында әртіс қызметін атқарып келеді.

2013 жылы Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арналған «Елім менің» атты облыстық әншілер конкурсында бас жүлде дипломымен марапатталды. Осы жылы Маңғыстау облысының 40 жылдығы, Жаңаөзен қаласының 45 жылдығы мерейтойлары аясында өткен «Атамекен»I – республикалық патриоттық әндер байқауының II дәрежелі дипломына ие болды. 

2013 жылы Қызылорда қаласының облыс әкімі Н.Нәлібаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы Москва қаласында Останкинода өткен «Золотой голос»III – Халықаралық фестиваль – конкурсының I дәрежелі лауреаты атанды және де 2014 жылы Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Анаға қарап қыз өсер...» байқаудан, қызы Айша екеуі II – дәрежелі дипломмен марапатталды. 

2014 жылдың 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет басқармасының басшысы Е.Абдрахмановтың алғыс хатын иеленді.

2016 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлім командир подполковнигі М.Қырғызбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылдың 30 қаңтарында «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Мәдениет Майталманы» медалінің иегері атанды.

2018 жылы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Абуованың Алғыс хатымен марапатталды. 

2019 жылы Қызылорда облыстық филармониясының директоры Т.Мақашовпен Алғыс хатымен марапатталды. 

2020 жылы Қызылорда облысының әкімі Г.Әбдіқалықованың Алғыс хатымен марапатталды.