СИМФОНИЯ ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТІ
Күні:
16 Апрель
Жылы:
2025
Уақыты:
18:00
Талғампаз тыңдармандарымызды классикалық музыка салтанат құратын Қызылорда облыстық симфония оркестрінің концертін тамашалауға шақырамыз!
Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе
Биыл Сыр елінің бас шаһары Қызылорда қаласының еліміздің Астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толды. Мерейлі дата аясында ұйымдастырылатын сазды кештің куәсі болыңыз!
Бұл кеште әлемге танымал туындылар виртуоз орындалып, көрерменге ерекше әсер сыйлайды! Арнайы бағдарламаға ұсынылатын сиқырлы кештен қалыс қалмаңыз!