Правилы
Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереженің мақсаты мәдени іс-шаралар барысында (бұдан әрі - Іс-шара) көрермендер үшін қауіпсіз жағдайлар жасау, Қызылорда облыстық филармониясының ғимараты Өнер орталығы (бұдан әрі - Өнер орталығы) мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, Өнер орталығы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
1.2. Билетті сатып алмас бұрын Өнер орталығына кіру ережесімен мұқият танысуыңызды сұраймыз.
1.3. Сіз билетті сатып алу арқылы осы ережелермен келісесіз. Ереже көрермендердің концерттерге кіру тәртібін, көрермендердің жүріс-тұрысын, сонымен қатар Өнер орталығы аумағында (Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі 10а) фото және бейнетүсірілім жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтайды.
1.4. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу, сонымен қатар, ереженің сақталуын қамтамасыз ету Қызылорда облыстық филармониясының әкімшілігі мен қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне жүктеледі.
Концерттерге келу
2. Концерттерге келу
2.1. Көрермендер Өнер орталығы ғимаратына орталық есік арқылы кіреді. Концерттің басталу уақытынан бір сағат бұрын келу ұсынылады.
2.2. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ғимаратқа алып кіруге тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында келушілер стационарлық және металл детекторларымен жабдықталған бақылау желісі арқылы тексеріледі және қауіпсіздік қызметкерлері қол металл детекторлары арқылы қосымша тексеру жүргізеді.
2.1. Алдын ала белгіленген тәртіп бойынша күзет қызметкерлерінің талаптары негізінде келушілердің сөмкелері, пакеттері, байламдары және басқа да жеке заттары тексеріледі. Бұл талап қауіпсіздік мақсатында енгізіледі және барлық келушілерге осы ережелерге сәйкес әрекет ету міндетті болып табылады.
2.2. Ғимаратқа (суық қару, газдалған қару, газдалған баллончиктар); есірткілер мен оларды қолдануға арналған құралдарды, сынғыш, адамның денесіне кіретін, тілетін, жарақаттайтын басқа да қауіпті заттарды кіргізуге тыйым салынады. Келушіден жоғарыда аталған заттар табылған жағдайда, қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің талабы бойынша, тыйым салынған заттарды қауіпсіздік қызметіне тапсыруға міндетті. Егер көрермен бақылаудан өтуге немесе ғимаратқа әкелуге тыйым салынған заттарды сақтауға тапсырудан бас тартса, филармония әкімшілігі ғимаратқа кіруге рұқсат бермеуге құқылы.
2.3. Концертке кірер алдында көрермендер ереже талаптарын сақтауға және билеттерін тексеретін бақылаушылардың, сондай-ақ, қауіпсіздік қызметін жүзеге асыратын қызметкерлердің талаптарын орындауға міндетті.
2.4. Көрермендерге тыйым салынады:
– Заңсыз немесе қолдан жасалған билеттермен концертке кіруге;
– Әдепсіз немесе қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттер жасауға;
– Алкогольдік (есірткілік, уытқұмарлық) мас күйінде кіруге;
– Өзге көрермендерге немесе қызметкерлерге физикалық және психологиялық қысым көрсетуге;
– Ғимарат ішінде темекі шегуге немесе өрт қаупін тудыратын құралдарды пайдалануға;
– Залға сыртқы киіммен, ірі габаритті заттармен, сусындармен, азық-түлікпен, пиротехникалық құралдармен кіруге тыйым салынады.
– Сахнаға рұқсатсыз шығуға немесе қатысушылардың жұмысына кедергі келтіруге;
– Көрермендер залына және ғимараттың аумағында қоқыс қалдықтарын тастауға;
– Қызметтік аймақтарға рұқсатсыз кіруге, ғимараттың терезелерін ашуға, дәліздер мен баспалдақтарда отыруға және тұруға, ақпараттық материалдарға рұқсатсыз жапсырмалар немесе жарнамалар қоюға, кез келген нәсілдік, әлеуметтік, ұлттық немесе діни өшпенділікті қоздыруға бағытталған символдар мен белгілерді қолдануға және көрсетуге;
– Өнер орталығының мүлкін рұқсатсыз қозғауға немесе бүлдіруге.
2.5. Көрермен міндетті:
– өрт қауіпсіздігін сақтау үшін белгіленген ережелер мен нұсқауларды орындауға;
– Өнер орталығының барлық ережелерін, соның ішінде көрермендер мен келушілердің тәртібін реттейтін талаптарды сақтауға.
– Өнер орталығы әкімшілігінің өкілдеріне және қызмет көрсетуші персоналға құрметпен қарауға;
– Ғимараттың мүлкіне материалдық залал келтірген жағдайда оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеуге;
– Өнер орталығы аумағы бойынша рұқсат етілген орындарда ғана (бұл орындар: көрермендер залы, фойе, буфет, гардероб, дәретханалар сынды қоғамдық аумақтар) жүруге;
– Филармония әкімшілігінің қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің нұсқауларына, талаптарына бағынуға;
– Концерт аяқталған соң ғимараттан шығуға;
– Концертке бейресми киімдермен кірмеуге;
– Гардеробтан нөмір немесе жеке заттар жоғалған кезде гардероб қызметкеріне немесе Өнер орталығы кезекші әкімшісіне жүгінуге;
– Гардероб нөмірін жоғалтқан жағдайда құнын төлеуге.
2.6. Көрермен залына алып кіруге рұқсат етілетін заттар:
– Қол сөмке, құжаттар, шағын көлемдегі рюкзак, қолшатыр;
– Ұялы телефон, планшет, электронды жеке құрылғылар;
– Кітаптар мен жазу құралдары.
2.7. Концертке кіру көрерменнің Өнер орталығынан немесе оның ресми билет серіктестерінен сатып алынған қағаз билетін, электрондық билетін немесе мобильді билетті көрсетуі арқылы жүзеге асырылады.
– Билетте концертке келушінің жас ерекшелігі есепке алынбайды, бір билет бір тұлға үшін ғана жарамды;
– Көрермендер билетті іс-шараның соңына дейін сақтап, Өнер орталығы әкімшілігі өкілдерінің талабы бойынша кез келген уақытта ұсынуға міндетті.
2.8. Концерттерке жас шектеуі белгіленген жағдайда, Өнер орталығы бақылаушысы көрерменнен жеке басын куәландыратын құжатты немесе көрерменнің жасын анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжатты ұсынуды талап ете алады. Егер көрермен қажетті құжаттарды ұсынудан бас тартса және жас шектеуіне сәйкес келмесе, Өнер орталығының әкімшілігі көрерменге іс-шараға кіруге рұқсат бермеуге құқылы.
2.9. Көрермен ғимараттан іс-шара басталғанға дейін немесе үзіліс кезінде шыққан жағдайда, бақылаушы көрерменнен билетті қайта көрсетуді және металлодетектор арқылы бақылаудан қайта өтуді талап етуге құқылы.
2.10. Топтық көрермендер ғимаратқа кіру барысында топтың жетекшісі билеттерді бақылаушыға тапсырып, топтың барлық мүшелерін бақылаушының алдынан өткізуге жауапты болады.
2.11. 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалар концертке тек ересектермен бірге кіргізіледі. Бұл ретте ересектер де билет сатып алуға міндетті. Жас ерекшілігі билет пен афишада көрсетіледі.
2.12. Концерт аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде көрермендер Өнер орталығы ғимаратынан шығуға міндетті. Гардеробтың жұмыс уақыты аяқталғанға дейін осы талап орындалуы тиіс.
Көрермендер залына кіру және концертті көру барысы
3.1. Көрермендер залының есігі концерт басталуға 15 минут қалғанда ашылады.
3.2. Үшінші қоңыраудан кейін көрермендер залына кіруге тыйым салынады.
3.3. Көрермендер залына азық-түлік пен сусындар алып кіруге тыйым салынады.
3.4. Билеттің иесі сатып алған билетіне сәйкес өз орнына отыруға міндетті.
3.5. Билетте көрсетілген орындардан басқа орындарды алуға тыйым салынады.
3.6. Бақылаушы кез келген уақытта билеттерді тексеруге құқылы.
3.7. Кешігіп келген көрермен бақылаушы ұсынған бос орынға (бар болса) отырып, үзіліс кезінде билетінде көрсетілген орынға ауыса алады. Егер бос орындар болмаған жағдайда, кешігіп келген көрермендерге фойеде үзіліс уақытын күту ұсынылады.
3.8. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығының талаптарына сәйкес іс-шара кезінде қатарлар арасында өту жолдарында қосымша креслолар немесе орындықтар орнатуға тыйым салынады және көрермендер залын белгіленген нормадан артық адамдармен толтыруға жол берілмейді. Яғни қатарлар арасында, өтетін жерлерде және есік алдында тұруға тыйым салынады.
3.9. Концерт басталар алдында көрермендерден ұялы телефондарын өшіру немесе оларды дыбыссыз режимге ауыстыру талап етіледі. Көрермендер ұялы телефондарын 3 қоңыраудан кейін концерт бойы сөндіріп тастауға міндетті.
3.10. Концерт барысында немесе шығарма орындалып жатқан кезде орнынан тұруға, сөйлесуге, қалған тыңдаушыларға кедергі жасауға тыйым салынады. Көрерменнің залдағы өзін-өзі ұстау құқығы бұзылған кезде әкімші залдан шығарып жіберуге құқы бар және билет құны қайтарылмайды.
3.11. Іс-шараға балалар тобы қатысқан кезде, топтың жетекшісі немесе ата-анасы әрбір баланың қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады. Балаларды ертіп жүретін адамдар баланың тыныштық сақтауын, өз орнында болуын, басқа көрермендердің іс-шараны көруіне кедергі келтіретін және ғимараттың мүлкіне залал келтіретін әрекеттері үшін жауапты болады.
3.12. Көрермендер залында кезекшілік ететін бақылаушылар іс-шара кезінде баланың мінез-құлық ережелерін бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, түзету үшін тиісті шаралар қолдануға немесе баланың және оны ертіп жүрген адамның аудиториядан шығуын талап етуге құқылы.
3.13.Егер бала ғимараттың басқа бөлмелерінде немесе көрермендер залында қараусыз қалса, оның ішінде баланың денсаулығына зиян келтірілсе, ертіп жүрген адам жауапты болады. Сондай-ақ ол, бала ғимарат мүлкіне зиян келтірген жағдайда залалының құнын өтеуге міндетті.
Гардероб қызметі бойынша
4.1. Көрермендер залында немесе ғимараттың басқа бөлмелерінде сыртқы киімдер гардеробқа тапсырылуы тиіс.
4.2. Әрбір зат үшін гардероб қызметкері нөмір береді. Көрермен нөмірді жоғалтқан жағдайда, айыппұл төлейді. Айыппұл сомасы филармония әкімшілігімен анықталады. Нөмірін жоғалтқан көрерменге киімі соңында беріледі.
4.3. Гардеробқа тек сыртқы киімдер және кіші көлемдегі заттар (сөмке, бас киім, шарф, қолшатыр) қабылданады. Ірі габаритті заттар қабылданбайды.
4.4. Филармония әкімшілігі гардеробқа тапсырылмаған келушілердің жеке заттары концерт кезінде жоғалып кетсе, оған жауап бермейді. Келушілер бағалы заттарын (ақша, зергерлік бұйымдар, ұялы телефон және т.б.) өздерімен бірге ұстауы тиіс.
4.5. Гардероб іс-шара аяқталғаннан кейін 30 минут қызмет көрсетеді. Көрермен гардеробтың жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін кешіктірмей ғимараттан шығуға міндетті.
4.6. Ғимаратта жоғалтып алған заттарыңыз бойынша менеджерлер бөлімнің қызметкерлеріне хабарласа аласыздар.
4.7. Белгіленген ережелерді бұзған тұлғалар филармония ғимаратынан билет құны қайтарылмай шығарылады.
Билеттер мен ақшалай қаражаттарды қайтару тәртібі мен шарттары
Билеттерді сатып алмас бұрын, қайтару тәртібімен мұқият танысып, осы ереже аясында әрекет етуіңізді сұраймыз.
5.1. Билеттерді қайтару келесі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
– іс-шараның толық күшін жою кезінде;
– іс-шараны басқа күнге немесе басқа жерге ауыстырған кезде;
– көрерменнің бастамасы бойынша.
5.2. Жоғарыда аталған жағдайлар бойынша билеттерді қайтару және ақша қаражатын алу рәсімі қарастырылған:
– Іс - шара тоқтатылған жағдайда-сатып алынған билеттер үшін, егер Билеттерді сатып алу кезінде алынса, сервистік алымды қоса алғанда, қаражатты толық, 100% қайтару жүргізіледі.
– Ұйымдастырушы іс-шараны басқа күнге немесе басқа жерге ауыстырған жағдайда, көрермендер көшіру туралы ақпаратты алғаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей осы іс-шараға билеттерді қайтаруға өтінім ресімдеуге құқылы;
– 72 сағаттан кешіктірілген қайтаруға берілген өтінімдер қаралмайды және билет құны қайтарылмайды.
Мүмкіндігі шектеулі көрермендердің ғимаратқа кіруі
6.1. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар ғимаратқа кедергісіз кіру үшін арнайы кіру есігі белгіленген және лифт көтергіш қойылған.
6.2. Көрермендер залында арнайы ыңғайлы орындар бөлінген.
6.3. Қажет болған жағдайда көрерменмен бірге сүйемелдеуші тұлға кіруге рұқсат етіледі. Сүйемелдеуші жеке билет сатып алуға міндетті.
6.4. Сүйемелдеуші тұлға қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
6.5. Өнер орталығы қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі көрермендерге қажетті көмек көрсетеді.
6.6. Мүмкіндігі шектеулі көрермендерге толық және сапалы қызмет көрсету үшін билетті сатып алар кезде филармония әкімшілігіне немесе кассаға алдын ала (2 күн бұрын) хабарлау ұсынылады.