«КЕНЕСАРЫ-НАУРЫЗБАЙ» ДАСТАНЫН ЖЫРЛАЙДЫ
Дауыспен тыңдау
Күні: 30 Апрель
Жылы: 2025
Уақыты: 17:00


Қазақ ауыз әдебиетінің көне жанрларының бірі – қаһармандық эпос. Батырлар жырының басты идеясы – тарихи оқиғалардың ізін сақтай отыра, қазақ батырларының ерлігі мен батырлығын баяндау. Кенесары Қасымұлымен бірге ел қорғаудағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы – Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Халықтың ерлік рухын, батырлық пен адалдықты дәріптейтін «Кенесары-Наурызбай» тарихи дастанын «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, жырау Руслан Ахметов жырлайды!
 
Ұлттық мұрамызды көкейге түйіп, өткенімізді жаңғыртуға арналған жыр кешін өткізіп алмаңыз!