БАТЫРХАН ШӨКЕНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТЕДІ
Дауыспен тыңдау
Күні: 18 Апрель
Жылы: 2025
Уақыты: 18:00
Батырхан Шөкеновтың рухына арналған музыкалық кеш «Батыр салған ән қандай?»
???? 18 мамыр, 18:00-де
???? Орталық алаң, Өнер арбаты | Қызылорда қаласы
18 мамыр күні орталық алаңның жайлы және шынайы атмосферасында Батырхан Шөкеновты еске алуға арналған музыкалық кеш өтпек. Сырдың талантты перзенті, ән әлемінің Батырына арналған сазды кеш өз тыңдармандарын асыға күтеді!
Батырхан Шөкенов — Қазақстан халқының жүрегінен орын алған жарқын тұлғалардың бірі. Бірегей тембр иесі, саксофоншы, әнші, композитор және әндердің авторы. Оның кең жүрегі, таланты, музыка мен адамдарға деген сенімі көптеген жанның жүрегінде терең із қалдырды.
???? Кеш бағдарламасында қазақстандық және шетел композиторларының жүректі тебірентер әндері орындалады.
???? Қатысушылар: «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі, жетекшісі — Әбдіхалық Мұстафаев, облыстық филармония солистері А.Әбді, А.Төреғали, Р.Үсенов,
Б.Ертай, Е.Есалиев, О.Нұралиев өнер көрсетеді