Байсейтова Самал Жанасылқызы
Байсейтова Самал Жанасылқызы /сопрано / оркестрдің солисі
1995 – 1999 жылдар аралығында Қызылорда музыкалық училишесінің «Ән салу» бөлімінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қ.Ақдаулетова класына оқуға түсіп, үздік дипломмен аяқтады.
2000 жылы Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваторияда «Жеке ән орындау» кафедрасында «Қазақ бұлбұлы» профессор Б.А.Төлегенованың класынан дәріс алды.
2007 жылы Қызылорда облыстықфилармониясы Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестріне солист қызметіне жұмысқа қабылданып, әртіс қызметін атқаруда. Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Ән салу» бөліміне оқытушы қызметін атқарады. 
2008 жылы Шымкент қаласында өткен «Қазақ романсиадасы»
халықаралық конкурсының лауреаты;
2008 жылы Алматыда өткен «Қазақ романсиадасы» халықаралық конкурсының дипломанты, облыс әкімі стипендиясының иегері.
2009-2010 жылдары «Сыр – Алаштың анасы» атты Қызылорда облысының өнер күндерінде Астана, Алматы, Өскемен қалаларында жоғары дәрежеде өнер көрсетті.
2010 жылы ұстаз әнші облыс әкімінің стипендиаты;
2010 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі ҚР білімберу жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін алғыс хаты; 2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты облыс өнерпаздары Орынбор-Астана-Алматы қалаларында өнер керуенімен гастрольдік сапарларда болды. 2011 жылы Н.Тілендиев атындағы «Кел, еркем Алатауыңа» атты III – Республикалық әншілер конкурсының лауреаты болды. 2011 жылдың 29 қыркүйегінде «ҚазақстанРеспубликасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекесіне байланысты Астана қаласының тәуелсіздік және  бейбітшілік сарайында (Қызылорда, Өскемен,ОҚО) облыс өнер күндерінде Самал Байсейтова елбасы алдында жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне
20жыл» мерекелік медалімен наградталды.
2011 жылы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдіңмәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасынын
Құрмет грамотасымен наградталды.
2014 жылы Астана қаласының туған күніне орай Елорда төрінде ұйымдастырылған Қызылорда облысының өнер күндері аясындағы мерекелік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2014 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында және Татарстанның Казань қаласында гастрольдік сапарда болып өнер көрсетті.
 2014 жылдың 31 қазанында Н. Бекежанов атындағы драма театрында өзінің жеке есеп беру концертін өткізді. Концертке ұстазы, КСРО халық әртісі   Б.Төлегенова және Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрінің дирижеры     М.Әмзе арнайы шақыртылды. 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25-жыл» мерекелік медалімен наградталды. 
2017 жылы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Құрмет» орденімен марапатталды.
 2017 жылы Әзірбайжан елінің астанасы Бакуде және Шеки қалаларында өткен Қазақстан өнер күндерінде гастрольдік сапарда болды.
2017 жылы тамыз айында халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысып, Қызылорда облысының атынан өнер көрсетті.
 2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың Алау Эстафетасының алаугері болды. 
2017 жылы «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапатталды. 2018 жылы «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
2020 жылы Сыр өңірінде алғаш сахналанған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы қойылымында рольдерді шебер сомдағаны үшін аймақ басшысының алғыс хатымен марапатталды.
2022 жылдың 25 мамырында Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында  К.Байсейтованың 110 жылдығы және Қызылорда облыстық филармониясының 50 жылдығына арналған  «Музыка жүрегімдесің» атты жеке шығармашылық концертін Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі және камералық оркестрмен өткізді.       
2023 жылы Астана қаласының 25 жылдығына арналған Қызылорда облысының Өнер күндерінің жоғары деңдейде өтуіне атсалысқаны үшін Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының алғыс хатымен марапатталды.