Сымбат Тасбергенова Зұлхарнайқызы
Сымбат Тасбергенова Зұлхарнайқызы /сопрано/ оркестрдің солисі
1986жылы 17сәуір күні Қызылорда Облысы Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылында дүниеге келген. №137 қазақ орта мектебін 2003ж бітірген. 2003-2007жж аралығында Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғарғы колледжі ұстазы Қызылорда облысы Профессоры И.Жарылқанов класынан білім алған. Ақтөбе қаласында өкен «Жұбанов Көктемі» фестивальіне қатысып, қазылар алқасы төрайымы ҚР Еңбек сіңірген әртісі, КСРО Халық Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ермек Серкебаевтың батасын алып арнайы дипломмен марапатталды. 2005ж Қызылорда облысы әкімі болған Икрам Адырбековтың
степендиясымен марапатталған. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Елбасының алдында өнер көрсетті. Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университеті Шабыт 2007-2011жж аралығында Вокалдық өнер бөлімінен Д.Қабікеева класынан білім алып, ҚР Халық әртісі Хорлан Қалиламбекованың класында, магистратураны аяқтады. Университетте оқып жүріп көптеген конкурстардан лауреат атанды жеке есеп беру концертінде ұйымдастырды. 2011ж Халықаралық дәрежедегі Ю.Башметтің мастер класына қатысып, магистратура да оқу алмасу бағдарламасымен Беларуссияның Минск қаласында 2 ай тәжрибе жинақтап, Беларусь халык әртісі Колос Яковлевнадан тәжірибелік сабақ алды. 20122017жылдар аралығында Е.Рахмадиев атындағы Астана Мемлекеттік академиялық филармониясында академиялық аншілік қызметін атқарды, сол жылдар аралығында Франция мемлекетіне Париж қаласына гастрольдік сапарға шығып, одан кейін Қазақстанның барлық қалаларына қазақ ұлттық оркестрымен бас дирижері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымовпен , ҚР Еңбек сіңірген әртісі КСРО халық әртісі Бибігул Төлегенова апайымызбен және ҚРЕңбек сіңірген әртісі Нұрғали Нүсіпжанов ағамызбен бірге гастрольдік сапарда болған. 2014жылы Астана филармониясының Ең үздік классикалық әнші грантын жеңіп алды. Сол жылы «Ақ Шағала» атты жеке есеп беру концертін қазақ ұлттық оркесрімен өткізді, Қазақстан телеарнасында Таң шолпан бағдарламасына қонақ болып сұхбат берді. Астана қаласы американскии Хейлибэри мектебінің уйымдастыруымен Карлл Орф шығармасы «Кармина Бурана» кантатасында жеке өнер корсетті. 2017жылдың тамыз айынан бастап, Қызылорда облыстық филармониясында классикалық әнші болып жұмысын жалғастырды. 2003-2007 жж. аралығында Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық колледжін И.Жарылқанов  класынан бітірген. 2005 жылы Қызылорда облысы әкімінің стипендиясына ие болады. 2007-2011 жж. Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер
Университетінде дәріс алып, магистратурада жалғастырады.
2011 жылы Халықаралық Ю.Башметтің шеберлік дәрісіне қатысып,магистратурада оқу алмасу бағдарламасымен Беларусияның Минск қаласында екі ай тәжірибе жинақтап, Беларусь халық әртісі К.Яковлевадан тәжірибелік сабақ алады. 
2012 жылы Астана Мемлекеттік академиялық филармониясындасолист қызметін атқарған.
2007 жылы ХХVIII Республикалық жас орындаушылар конкурсында І орын (Қызылорда);
2009 жылы «І Республикалық студенттер олимпиадасында» І орын (Алматы);
2009 жылы Ғ.Жұбанова атындаңы республикалық конкурста ІІ орын (Астана);
2009 жылы И.П.Иванов атындағы халықаралық конкурста ІІІ орын (Ресей, Тверь қаласы);
2011 жылы Н.Тілендиев атындағы «Кел, еркем, Алатауыңа» аттыконкурсында І орын;
2012 жылы Бибігүл Төлегенова атындағы VI халықаралық конкурста ІІорын;
2012 жылы Шабыт халықаралық конкурсында ІІ орын;
2014 жылы «Ең үздік академиялық әнші» грамотасымен марапатталған.
2017 жылдың тамыз айынан бастап облыстық  филармонияда оркестр солисі қызметін атқарып келеді.
2019 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұйымдастыруымен КСРО Халық әртісі, композитор Н.Тілендиевтің 95 жылдығына орай «Әлқисса» фестивалінде «Вокал» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері атанды.
ЭХСПО- 2017 көрмесіне Қызылорда Облысының күндері аясындағы үлкен Гала концертте өнер көрсетті. Қызылорда облыстық филармоиясында жұмыс бабымен гастрольдерге шығып Англия мемлекеті Астанасы Лондон төрінде Ақ мешіт ансамбльімен Наурыз мерекесін өткізіп келді. Түрік еліне барып Ташкөпру, Анкара, Стамбул, Аксарай қалаларына гастрольдік сапармен Тұрмағанбет халық аспаптар оркестрімен бірге үлкен концерт беріп, Түріксойдың 25жылдық мерей тойына қатысып гарамотамен марапатталды. 2018жыл Қызылордның 200жылдық мерей тойында үлкен ісшараларға қатысып, туған жерге деген ыстық ықыласпен өнер көрсетті. Министірліктің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен телевизиялық «Салем, Елорда» атты Республикалық іс-шараға белсенді араласып, өнер көрсетті. Тәуелсіздігіміздің 30жылдығына орай «Нұрлы Таң» атты жеке шығармашылық есеп беру концертін Қызылорда облыстық филармониясының камералык симфониялық оркестрімен берді.
2022 жылы ҚР Мәдениет және Спорт министірі болған Д.Абаевтың қолынан Алғыс хатымен марапатталды. 2023 жылы ақпан айында Қызылорда облыстық филармониясы басшылығының шақыртуымен Америка АҚШта тұратын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері дирижер, пианист Теміржан Ержановпен камералық симфониялық оркестрмен жеке концертінде өнер көрсетті. ҚР Мәдениетіне және Қызылорда облысның мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып жүрген әнші өнерпаз. 2023 ж қазан айының басында аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қолдауымен Италия мемлекетінің Анкона қаласындағы Озимо Опера Академиясына барып Алла Симони моэстродан мастер классына қатысып ,білімін жетілдіріп келді.
Астана қаласының 25 жылдығына «Сұлу Сырдан Ару Астанаға» атты Қызылорда облысы өнер шеберлерінің Гала концертіне қатысып басқарма басшысының алғыс хатымен марапатталды.