Молдабергенов Бекзат Рысбекұлы
1988 жылдың маусымында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы №140 қазақ орта мектебінде білім алады. 2009-2012 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжінің «Эстрадалық вокал» бөлімінен дәріс алды. 2007 жылы Шымкент қаласында өткен «Арай» республикалық байқауының ІІ орын иегері. 2009 жылы өткен халықаралық
«Шабыт» жастар шығармашылығы фестивалінде ІІІ орынды иеленді. 2010 жылы Қарағанды қаласында өткен «Жұлдыз» республикалық байқауының І орын жеңімпазы. 2011 жылы Украинада өткен халықаралық жастар мен студенттер арасындағы байқаудың І орын иегері. 2012 жылы Қызылорда қаласында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің әндерін орындаушылардың «Туған жер» атты ІІІ республикалық әншілер конкурсының ІІІ орын жеңімпазы.
2012 жылдан бастап облыстық филармонияда әртіс қызметін атқарып келеді.
2015 жылы маусым айында шығармашылығына 10 жыл толуына орай«Ғажайып күндер» атты жеке ән кешін берді.  Шетелдер мен облыс көлемінде өткізіліп жүрген шараларда жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр.
2016 жылы «Сыр үміті» жастар сыйлығының лауреаты атанды.
2018 жылы 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.
2023 жылы филармния басшысының алғыс хатымен марапатталды.