Үсенов Ринат Саматұлы

1990 жылдың қаңтар айында дүниеге келген.

Қызылорда қаласында 1996-2007 жылдар аралығында N9 метеп - гимназиясында білім алған.

2009-2014 жылдар аралығында Қазанғап атындағы музыкалық колледжде хор жетекшісі мамандығы бойынша  білім алған.

2012 жылы жас орындаушылардың VІІ облыстық «Сыр жұлдыздары» телебайқауының  ІІІ орын иегері.

2012 жылы К.Дүйсекеев  әндерін орындаушылардың «Туған жер» атты ІІІ республикалық әншілер конкурсының дипломанты.

2015 жылы  жас орындаушылардың VІІ облыстық «Сыр жұлдыздары» телебайқауының  ІІІ орын иегері.

2016жылы Атырау қаласында өткен «ЖАЙЫҚ DAUYSY» I

Халықаралық ән байқауында дипломант атанды.

2018 жылы Қызылорда қаласында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, композитор Кеңес Дүйсекеев атындағы «Туған жер» VI республикалық әншілер конкурсының Бас жүлде иегері.