Әлиханова Гүлфира Нариманқызы

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері 

 

1985 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Шіркейлі арылында дүниеге келген. Отбасылы, отбасында бір ұл, екі қызы бар.

М.Мәметова   атындағы   Қызылорда гуманитарлық колледжінің 2000 жылғы түлегі. Колледж қабырғасында жүргенде облыстық «Бозторғай»  балалар  шығармашылығы байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

2002 жылы Қызылорда қаласында өткен аймақтық Р.Бағланова атындағы әншілер байқауының «Бір бала» номинациясының, 2004 жылы Шымкент қаласында өткен республикалық дәстүрлі «Арай» жас әншілер байқауының, 2004 жылы Қызылорда қаласында өткізілген «Студенттер көктемі» жастар шығармашылығы фестивалі аясындағы «Патриоттық әндер» конкурсының лауреаты. 2005 жылы Астанада өткен республикалық «Жас қанат» әншілер байқауының дипломанты.

2006 жылы Ақтөбе қаласында Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына орай өткізілген патриоттық әндер байқауының дипломанты.

2019 жылы филармония басшысының алғыс хатымен;

2021 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» медалімен;

2023 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2004 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясының жеке орындаушысы қызметінде