Қызылорда қаласындағы “Алишер және Арай” дуэті
Шөжен Әлішер Әнуарбекұлы - “Алишер және Арай” дуэтінің әртісі.
Қызылорда қаласында 1993 жылы 1 ақпанда дүниеге келді. 1999 жылы Қызылорда қаласындағы номері 197 қазақ орта мектебінің 1-сыныбына қабылданды. Мектепте әншілік өнеріммен көптеген конкурстарға, концерттерге қатыстым. 2008 жылы 9 сыныпты бітіріп, 2008-2012 жылдар аралығында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінде “Мұнай және газ кен орындарын электрмен қамтамасыздандыру” мамандығы бойынша білім алды. 2012-2015 жылдар аралығында Ақмешіт институтында “Электр энергетикасы” мамандығын оқып бітірді. 2016 жылдан бастап, Қызылорда қаласының өнер саласында, түрлі шаралар мен концерттерде белсенділік танытты. 2019 жылы “Қызылорда өнер барысы” сайысына қатысып, 3- орын иелендім. 2020 жылдан бастап Н. Бекенжанов атындағы драма театрда ұйымдастырушы, бағдарламашы және театр маркетингі бойынша қызметтер атқарды. 2021-2023 жылдар аралығында Қорқыт ата университетінде “Музыкалық білім” мамандығын оқып, тәмамдады. 2022 жылы Қызылорда облыстық Мәдениет басқармасының алғыс хатымен марапатталды. 2023 жылы 27 наурыз халықаралық театр күніне орай алғыс хатпен марапатталды. 2023 жылы желтоқсан айына дейін Облыстық “Отбасы орталығында” мәдени ұйымдастырушы қызметінде болды.
Маxанбетжанова Арайлым Мұxамбетқызы - “Алишер және Арай” дуэтінің әртісі.
1995 жылы 13 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қызылтам ауылында дүниеге келді. Отбасымызда әкем, анам және төрт әпкем бар. 2002 жылы нөмірі 79 орталау мектептің 1 сыныбына қабылданды. 2011 жылы 9 сыныпты бітіріп, 2011-2013 жылдары Қызылорда қаласындағы нөмірі 4 С.Сейфуллин атындағы орта мектепте 10-11 сыныпты оқыды. 2013 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне "Музыкалық білім" мамандығына грант негізінде оқуға түсті. 2017 жылы университетті үздік дипломға аяқтады. Мектеп қабырғасынан бастап "Әнші балапан", "Бозторғай", "Таңшолпан" сынды ән байқауларымен қатар би, көркемсөз оқу, әртістік қабілетімді де сынайтын жарыстарда жүлдегер атанды. Халықаралық Е.Хасанғалиевтің "Атамекен" ән байқауы 2 орын, Республикалық "Ақмаңдайлым" Р.Бағланова атындағы ән байқауы 1 орын, Республикалық И.Сапарбай "Еркіндігім-Елдігім" ән байқауы 3 орын, Республикалық К.Дүйсекеев әндерінен "Туған жер" байқауы 3 орын, Батырхан Шукеновтің "Отан-Ана" байқауында арнайы жүлде, т.б жүлделерге ие болдым. 2017-2020 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы университетте "Дидар" xалықтық-фольклорлық ансамблде иллюстратор қызметін атқарды. 2020 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясында әртіс қызметінде. Қызмет барысында филармония басшылғынан, мәдениет басқармасынан бірнеше рет алғыс хат алды. 2021 жылы “Жасай бер, Қазақ елі” Елена Әбдіхалықованвң ән байқауында 3 орын иеленді. 2024 жылы өткен І Республикалық "Сыр ана" әншілер конкурсының ІІ орын иегері